The news is by your side.

Ақпараттық топ мүшесімен кездесті

0 305

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын насихаттау, қала тұрғындары мен түрлі ұжымдар түсіндіру, пікір алмасу жұмыстары арнайы құрылған ақпараттық топқа жүктелген. Бұрнағы күні ақпараттық топ мүшесі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры міндетін атқарушы Махметғали Сарыбеков облыс әкімдігі білім басқармасының ұжымымен кездесіп, стратегиялық құжаттағы білім-ғылым саласына серпін беруден туған міндеттер жайында сөз қозғады.

– Баршаңыз білесіздер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім-ғылым саласына айрықша басымдық берілді. Стратегиялық құжатта білім беру саласын дамытуда оның барлық буынына басымдық беру жайы да сөз болды. Мәселен саладағы алдағы 5 жылға арналған маңызды жоспардың бірі 3-6 жастағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемелерімен толық қамту саналады. Меніңше бұл мақсатқа қол жеткізу бір кездегі «Балапан» секілді мемлекеттік бағдарламаның баламалы нұсқасын жасау қолға алынғаны жөн. Дәл осы бағдарлама арқылы елімізде мектепке дейінгі мекемелермен қамту саласы жекеменшік сектордың мүмкіндіктерін кәдеге жаратқаны көпшілік ұмыта қойған жоқ.

Президент пәрменімен жаңалық ұстаздардың жалақысы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25 пайызға көтерілетін болды. Ұстаздардың жалақысын арттыру мақсатына қазынадан  1 триллион 300 миллиард теңгедей қаражат қарастырылатын олды. Сонымен бірге қарапайым ауыл мектептері мен инновациялық мектептер арасындағы айырмашылық та өзекті мәселе саналады. Осы орайда салалық министрлік «Қарапайым мектептерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасап жатқанын атап өткім келеді.

Заман ағымына сай жоғары оқу орындары студенттерге арнайы мамандық бойынша кәсіби білім бере отырып, оларды үлкен өмірге дайындаумен айналыспақ қажет, –деді М.Сарыбеков.

Кездесу барысында ақпараттық топ мүшесі ғылымды коммерцияландыру, жергілікті өндірі ошақтары арқылы ғылымды қаржыландыру тетігін қарастыру жайындағы ұсыныстарын да ортаға салып, басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.