The news is by your side.

Колледжде жаңа орталық ашылды

0 154

Бүгін білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз сервис және технологя колледжінде «Жас маман» жобасы аясында құзіреттіліктер орталығы ашылды.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай қайта жаңғыртылған орталықтың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен ХV Паралимпиода ойындарының чемпионы, колледж түлегі Зульфия Габидуллина қатысты.
Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысының орынбасары Елбасы Н.Назарбаев «Жастар жылының» ашылуында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін сапалы дамытудың негізгі басымдықтарына арнайы тоқталып, «Жас маман» жобасын жүзеге асыруды тапсырғанын тілге тиек етті. Бұл мақсатта өңірде «100/200» қағидаты негізінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау мақсатында облыстағы 11 колледж жүзеге асырып жатқанын жеткізді.
— Жалпы жобаның мақсаты еліміздегі үздік 180 колледжді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша материалдық техникамен жабдықтау, халықаралық стандарттарды енгізу. Бұл орайда, аймақтағы колледждер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сапалы мамандар жұмысқа тартылуда. Сондықтан биыл өңірде аталмыш жоба аясында 5 колледж таңдалып алынса, соның бірі осы Тараз сервис және технологя колледжі. Бүгінгі күні оқу орнына тиісті құрал-жабдықтар жеткізіліп, мамандар жұмысын бастады,- деді Е.Жылқыбаев.
Өз кезегінде ел мақтанышы, колледж түлегі Зульфия Габидуллина оқу орнының жабдықталуына көңілі толатынын білдіріп, алдағы уақытта спорттық базасы да жаңғыртылатынына сенім білдірді.
Салтанатты шарадан соң облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен Зульфия Габидуллина орталық жұмысымен танысып, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар ұстаздармен және студенттермен пікірлесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, аталған жоба аясында колледжде «Сән технологиялары» құзіреттілік орталығында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға халықаралық стандарттарға сәйкес 190 тігін машиналары, «Аспаз ісі» құзіреттілік орталығында 138 аспаздық құрал-жабдықтар сатып алынған.

 

Шынболат Сейдуалиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.