The news is by your side.

Үздік студенттер марапатталды

0 147

Облыстық білім басқармасының мәжіліс залында «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бейнебайланыс арқылы барлық өңір жеңімпаздарын құттықтады. Сондай-ақ, әр өңірдің жеңімпаздары қатарластарын жеңістерімен құттықтап, ұстаздарына Алғыстарын жеткізді.
Биылғы жылы «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан өткізілді.
Бірнеше айға созылған білім додасының республикалың кезеңіне облыстық деңгейде топ жарған жамбылдық 14 студент жолдама алды. Соның 3-уі жеңімпаз атанып, «ҚР колледждерінің ТОП 100 студентінің» қатарына енді.
Жамбыл облысынан Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Жамалбеков Сұлтанәлі, Тараз сервис және технология колледжінің студенті Жаханова Талшын және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Базылбаева Майра үздік атанып, жеңімпаздар қатарын толықтырды.
Жеңімпаздарға оқуын аяқтаған соң бірінші жұмыс орындарына жолдама берілді және жұмыс берушілер есебінен 100 000 теңге сыйақы және төсбелгі табысталды.
Айта кету керек, өткен жылы аталған байқауда облыс колледждерінің 3 студенті үздік атанып, «ҚР колледждерінің ТОП 100 студентінің» қатарына енген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.