Автотұрақ... жол өткелі есебінен

Автотұрақ... жол өткелі есебінен

Басқа қалаларды қайдам, Тараз қаласы мейрамхана, кафелер мен дүкендер салу жағынан алдына жан салмай тұр. Бір танысым кезінде «Біздің билік әр қазаққа өз мейрамхансы мен супермаркеті» деген ұранмен жұмыс істеп жатыр» деп күлдірген еді. Бүгінде күлгеніміз шындыққа айналды.

Жақында облыс орталығындағы Тұрар Рысқұлов және Қаратай Тұрысов көшелерінің қиылысында тағы бір сауда орны пайда болды. «ТПМ» деп аталатын сырты шынымен өрілген екі қабатты ғимараттың қала ажарына әр беріп тұрғанына дауымыз жоқ. Әңгіме басқада. Сауда ғимаратының құрылысы біте берген тұста жол құрылысшылары келіп, тура алдындағы Тұрар Рысқұлов көшесінің бойынан автотұрақ жасады. Оған да ештеме айта алмаймыз. Қоғамдық орын болғаннан кейін келушілердің көлігіне арналған тұрақ болуы тиіс. Бізді таңқалдырғаны әрі қынжылтқаны — құрылысшылардың автотұрақты, мына суретте көріп тұрғаныңыздай, жүргіншілерге арналған көше өткелі есебінен жасағаны. Басқалар өйтіп-бүйтіп өтер, ал, балаларын қоларбамен әкеле жатқан әйелдер қайтпек? Тұрақты жобалағандардың ондай жағдайда жүргінші автотұрақ жақтағы арық үстіне тасталған бетон үстімен өтіп кетеді деп ойлағаны аңғарылады. Ол «данышпандарды» тұрақта көлік иінтіресіп тұрса қалай болады деген мәселенің ойлантпағаны қынжылтады. Мейлі, ғимарат қожайыны тапсырыс берді, құрылысшылар келіп жасап кетті делік. Сонда автотұрақтың талапқа сай жасалуын қадағалап отыруға тиісті қала билігі, тиісті құрылымдар қайда қараған?

16.11.2017
38

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Загрузка...