Ананди болып кіресің, Каляни болып шығасың

Ананди болып кіресің, Каляни болып шығасың

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, еліміздің барлық мектептерінде Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандарты кезең-кезеңмен енгізіле бастамақ. «Өрлеу» БАҰО» филиалы облыс бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Ғ.Сыздықбаеваның айтуынша, оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартумен қатар білім беру жүйесі жоспарлы түрде 5 күндік оқу аптасына көшірілмек. Оған 2016 жылы – 1-сыныптар; 2017 жылы – 1, 2, 5, 7 сыныптар; 2018 жылы – 1-8, 10 сыныптар; 2019 жылы барлық сыныптар көшеді. Оқушылар мен мұғалімдерге қосымша 34 демалыс күні (сенбі) ұсынылады.

Елімізде 12 жылдық білім беру схемасы 2019 жылдың қыркүйегінен бастап 0+11 сынып қағидаты бойынша енгізілетін көрінеді. Яғни, 5 және 6 жастағы балалар үшін нөлінші (0) сынып енгізіледі. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің стандартты апталық жүктемесі 18 сағатты құрайды. Мұғалімнің оқу жүктемесін әр мектептің басшылығы бекітеді. Үш тілде оқыту жүйесіне көшу мәселесіне келсек, 2016-2017 оқу жылында дайындық жүмыстары жүргізіледі. 2019 жылдан бастап 10 және 11 сыныптарда ғана 4 пән ағылшын тілінде оқытылады. 1-9 сыныптарда оқыту жүйесі өзгермейді.

01.09.2016 17:25
3123

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Загрузка...