The news is by your side.

2 жылда жамбылдықтардың 95 пайызы газбен қамтылады

0 546

Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы 2 жылдың ішінде Жамбыл облысы тұрғындарының 95 пайызы газбен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

– Қазіргі таңда өңір халқын газбен қамтамасыз ету жаман емес. Бүгінгі есеп бойынша облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз ету 88,6 пайызды құрайды. Тек осы жылдың өзінде 14 млн теңге бөлініп, соның арқасында 45 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Қордай ауданында 2 жоба іске асырылып жатыр. Оның бірі Масанчи, Қаракемер, Ауқат сынды 10 елді мекенді, екіншісі Отар, Кенен сынды 12 ауылды қамтиды. Осы жобаның арқасында Қордай ауданында халықты газбен қамту 95 пайыз болады, – деді облыс басшысы.

Сонымен қатар ол еліміздің Энергетика министрлігіне өңір тұрғындарын көгілдір отынмен қамтуға бағытталған жобалар пысықтауға берілгендігін айтты.

– Жалпы тұрғындарды газбен қамтамасыз ету бақылауымызда тұр. Үкімет қолдауымен алдағы 2 жылдың ішінде өңірдегі тұрғындардың 95 пайызын көгілдір отымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз, – деді Бердібек Сапарбаев.

 

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.