The news is by your side.

Дербес шотты кім қалай бақылап отыр?

0 302

Жеке зейнетақы шотының жай-күйін бақылап отырудың тәсілі көп. Жаңа технологиялардан хабары шамалы адамдар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңселеріне келіп мән-жайға қанықса, халықтың енді бір тобы дәстүрлі пошта арқылы ақпарат алуға бейім. Бұл ретте халықтың көп бөлігі электронды әдістерді пайдаланады екен.

Бірыңғай жинақтаушы зей­­нетақы қоры баспасөз қызме­тінің хабарлауынша, салымшы­лардың дені жеке шотты интернет арқылы бақылап отырғанды жөн көреді. Бүгінде бұл тәсілді 6,6 млн-нан астам адам пайдаланып отыр. Бұл дегеніміз – жалпы салымшылар үлесінің 54,2 пайызы. Мәселен, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы 5 762 454 шоттың жай-күйі бақыланып отырады екен. Мұндай тәсілді таңдағандардың саны бір жыл ішінде 4 пайызға немесе 225 125 адамға көбейген.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шоты туралы ақпараттарды элек­тронды пошта арқылы бақы­лауға болады. Бұл тәсілді 853 954 адам пайдаланады екен. Аталған тәсілді пайдалану үшін Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорына электронды поштаның мекенжайын қалды­расыз. Кейін шот иесіне таңдаған кестеге сәй­кес тиісті ақпарат ай сайын, тоқ­сан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын келіп тұратын болады.

Шоттағы ақпараттың көшір­месін дәстүрлі пошта арқылы алатындар әлі де көп. Бұл тәсілді 1 297 726 адамның қолданатыны бел­гілі болды. Десе де, дәстүрлі пош­таға иек артатындардың үлесі азайып келеді. Мәселен, 5 жыл бұрын мұндай тәсілді таңда­ған салымшылардың саны 2 939 233 адамды құраған. Де­мек, көрсеткіш бес жыл ішінде 44 пайызға кеміген.

«Салымшы шот туралы ақ­па­ратты жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алып тұруды қала­­са, тұрғылықты мекенжайын дұрыс көрсетуі керек. Мекен­­жайы өзгерген жағдайда оны қорға хабарлауы тиіс. «Зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы» заңда мұндай талапты мекен­­жайы өзгергеннен кейін 10 күн ішінде орындау қажет екені көр­сетілген. Әйтпесе, пош­та опе­раторы шот туралы ақпа­рат­ты тиісті мекенжайға жеткі­зе алмауы мүмкін. Иесін тап­па­ған хат қорға қайтып оралады. Сондықтан Бірыңғай жинақ­­таушы зейнетақы қоры келесі жылдан бастап хабарлау мәрте­­бесі «анықталмаған» деп көрсе­тілген салымшыға шот туралы ақпа­ратты жібермейді. Қараша айы­ның басында мұндай салым­шы­лардың саны 1 млн-нан астам адамды немесе жалпы салымшылар санының 8,8 пайызын құрады», делінген қордың ресми хабарламасында.

Ал қор кеңселеріне келіп ақпарат алатындардың саны – 3 029 417 адам. Өткен жылы бұл көр­сеткіш 1 938 547 өтінішті құраған екен. Бір жыл ішіндегі өсім 56,3 пайызға жеткен. Осы орайда, бұл статистиканы көбінесе жаңадан ашылған шот иелерінің толықтырғанын ескерген жөн.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне жаңадан тіркелгендерге 2019 жылдан бастап жеке шот ашу үшін шарт жасаудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Бірін­ші жарна түскен кезде шот авто­матты түрде ашылады. Жеке тұлғаны сәйкестендіру міндет­ті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем тапсыр­масының электронды форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолда­ныс­тағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы бар­лық қажетті мәліметтерді Бірың­ғай жинақ­таушы зей­нет­ақы қоры мемле­кеттік орган­дардың ақпараттық жүйе­лерінен алады. Мұндай шотты ашу кезінде хабарлау тәсілі автоматты түрде «Өзі келіп өтініш білдірген» деп айқындалады. Сондықтан жеке зейнетақы шотын енді ашқан салымшылар БЖЗҚ кеңсесіне келіп, қажетті хабарлау тәсілін таңдауы керек. Сондай-ақ мұны электронды цифрлы қолтаңба арқылы enpf.kz сайтыне еніп, қашықтан жа­сауға да мүмкіндік бар», дей­ді қордың баспасөз қызметі.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.