The news is by your side.

Оңды істерге ұйытқы болған орталық

0 467

Ағымдағы жылы өзінің 15 жылдық мерейтойын тойлайтын облыстық жастар ресурстық орталығы бүгінде жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда баянды бастамаларға мұрындық болып жүр.

Өткен жылы дәл осы орталықтың бастамасымен  облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастар ресурстық орталығы директорлары кеңесінің құрылған болатын.

– Үш айда бір рет өтетін кеңес отырысында өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланады. Ал биыл дәл осы кеңес мүшелері жастар ресурстық орталықтарының әдістемелік нұсқаулығын бекітті. Бұл әдістемелік нұсқаулықта жастар ресурстық орталықтарының жұмыс істеу бағыты, ондағы құрылымдарды біріздендірудің мақсатты шаралары қамтылған. Сондай-ақ орталық жанынан жастарға қызмет көрсету бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл бөлім мамандары жастарды толғандыратын жұмыспен қамтудың нәтижелі шаралары, баспанамен қамту тетіктері , кәсіпкерлік негіздері жайында кеңестер береді. Мұнан бөлек арнайы түзілген кестеге сай Тараз қаласындағы «Jastar» қабілет орталығында облыс әкімдігіне қарасты салалық басқарма басшыларының, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйым жетекшілер жастарды қабылдайды. Жұмысы бар жастар үшін «Түнгі қабылдау» жобасы да жанданды. Басқарма басшысы мен Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалының директоры арасындағы келісімге сай қаржылық құрылым өкілдері «Jastar» қабілет орталығында жастарға баспанамен қамту мәселелері бойынша тұрақты кеңес беретін болды, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арайлым Абдуалиева.

Оның айтуынша алдағы уақытта орталық жанынан азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен келісім алып, отбасын құруға ниет еткен жастарды отбасылық өмірге баулитын арнайы курс ұйымдастырылмақ.

Курс қатысушыларының жұп құруға медициналық тұрғыдан сәйкестігі тексеріледі. Сонымен қатар оларға 15 сағаттық курстан өткенін растайтын сертификат та қоса беріледі. Өз кезегінде бұл сертификатты некеге тұруда азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімдері сұрататын болады. Бұл сөз жоқ жасампаз Жамбыл жастарының еселі еңбегінің нәтижесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.