The news is by your side.

«Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы қабылданды»

0 167

Жастар – қай қоғамның болмасын қозғаушы күші. Елдің ертеңі саналатын бүгінгі буынның дамуы мен қалыптасуында мемлекеттің айрықша қамқорлығын сезінуі қажет-ақ. Сәйкесінше жастарды қолдау, қамқорлық таныту жергілікті жерде де жүйелі жүргізілгені жөн. Дәл осы мақсатта облыста 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өңірлік бағдарламасы қабылданды.

Жақында ғана облыстық мәслихаттың шешімімен қабылданған бұл бағдарламада 9 индикатор қарастырылған. «Әулиеата жастары деген атауға ие болған бағдарламаны келер жылдың алғашқы күнінен бастап жүзеге асырыла бастайды.

– Жалпы бағдарламада жастарды қолдау, жұмыспен, баспанамен қамту тетіктері, үздіктерін марапаттау, қажетті құқықтық кеңес ұсыну, ақпараттық қолдау білдіру сынды шаралардың барлығы қамтылған. Мәселен бағдарламаның бір тармағы өз саласында толайым табыстарымен көзге түскен жастарды ынталандыру шараларына арналған. Бұл бағытта біз «Әулиеата үміті» облыс әкімінің жастарға арналған сыйақысын жыл сайын тағайындайтын боламыз. Бағдарламада бұл сыйлықты алдағы уақытта Тараз қаласы мен аудан әкімдері де тағайындау керектігі айтылған.

Сонымен қатар «Әулиеата жастары» деп аталатын интернет-платформа құрылады. Бұл платформаға «Әулиеата үміті» сыйлығының иегерлері туралы мәліметтерді де енгізілетін болады. Сондағы мәліметтер арқылы кез келген желі қолданушысы үздік жамбылдық жастар жайында біліп отырады.

Жастарды баспанамен қамту шаралары да бұл бағдарламаның ең басты индикаторларының жатады. Бұл индикаторлық көрсеткішке қол жеткізу үшін 2022-2023 жылдары жас отбасыларға арналған тұрғын үйлердің қаңқасы ғана тұрғызу бастамасы жүзеге асырыла бастайды. Сол арқылы біз пәтердің өзіндік құнын арзандатуға қол жеткіземіз. Ал бұл тұрғын үйлерден пәтер алған жастар оның ішкі әрлеу жұмыстарын өз мүмкіндігіне қарай жүргізе береді. Тиісті мемлекеттік мекемелерге, коммерциялық ұйымдарға осы жобаны іске асыруда әріптестік орнатуға ұсыныс берілді. Мұндай тәжірибие Кеңес Одағы тұсында болған екен, –дейді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікол Берікқожа.

Leave A Reply

Your email address will not be published.